ТYРIКШIЛДIК ЖЫРШЫСЫ


Аллаға мың да бiр шүкiр, КСРО-ның шаңырағы ортасына опырылып түсiп, қызыл аждаһаның жаны жаһаннамға кеткелi де он жетi жылдан асып барады. Әсiресе, түрiк, мұсылман халықтарының қас жауы болған, ендiгi сүйегi де қурап қалған сол бiр «зұлымдық империясы» (Р.Рейган) жылдарында шетел, оның iшiнде Түркиядағы түрiк әдебиетiнен тек солшылдардың, коммунистердiң шығармалары ғана тонналап, эшелондап аударылды, аспанға көтерiле насихатталды, дәрiптелдi. Сондықтан бiз Назым Хикмет (1902–1963), Әзiз Несiн (1915–1995) және т.б. авторлардың атын ғана бiлетiнбiз. Орыс тiлiне кiмдер аударылса, қазақ және тағы басқа ұлт тiлдерiне де солар аударылатын. Таңдау орталықта, яғни, Мәскеуде болатын. Орыстар кiмдi ұнатса, бiз де соларды «ұнатуға» тиiстi болатынбыз.

ЫМЫРАСЫЗ АНТИКОММУНИСТ


Атсыз шығармашылығының шоқтығы биiк туындылары – сөз жоқ, жоғарыда аталып өткен тарихи романдары. Олардан көшпелiлердiң тұрмыс-тiршiлiгiне тән қазақ халқының өмiрiнде, бүгiнгi қазақ тiлiнде сақталған көрiнiстер мен ұғымдарды, сөздер мен сөз тiркестерiн де кездес¬тiруге болады. Жазушы көшпелiлер өмiрiн қалай тамаша бiлген десеңiзшi!

Әңгiме ЖАЛҚЫ САУАЛ

АҚ ҚАСҚЫР


Ақ қасқырдың бүгiн нәр татпағанына үш күн. Тамақтанғысы келген, бiрақ, сол тамақ құрғыры жоқ қой. Аш iшегi құрылдап, екi көзi қарауытып, жүрегi сазып ауырған соң орнынан сүйретiле тұрды да, сол сүйретiлген қалпында он қадамдай жердегi жартастың ығына әрең жетiп, тағы да құлады. Құлаған жерiнде дел-сал күйiнде жатқан. Мең-зең болып тұрған басын екi аяғының үстiне қойып, тағы бiраз жатты.
Қатты шаршағандiкi болуы керек, екi көзi қайта-қайта жұмыла бередi. Көзi жұмылса болды, осыдан үш күн бұрын өткен оқиға көз алдына келiп тұра қалады. Өне бойы дiрiлдеп, арқасы шымырлап қоя берген соң, ерiксiз көзiн қайта ашады. Ашқан көзi қайта жұмылады. Осылай қалғып-шұлғып жатып, өткенiн ойлаған.

НӘЗИГҮЛ


Алматыға келiп жұмысқа орналасқаныма жұманың жүзiндей уақыт өттi. Нағыз тiршiлiктiң орталығына айналған қарбаласы көп қалаға әлi де үйрене алар емеспiн. Жаңа жұмысымның жай-жапсарымен толығырақ танысу үшiн құжаттарды қарап отырғанмын. Кенет ұялы телефоныма ағалы-iнiлiдей сырлас досым хабарласып, ағынан жарыла амандық пен хал-жағдайды сұрастырды. Әңгiмесiн айта отырып, хабарласуының мақсатына көштi. Ойымда ештеңе жоқ...
– Досым, саған бiр қуанышты және бiр ұнамсыз хабар айтқалы тұрмын. Қайсысынан бастағанымды қалайсың? – деп түсiнiксiз күйде қалдырды.
– Қуанышты хабарыңды естуге дайынмын. Ал ұнамсыз хабарыңды айтпай-ақ қойсаң қайтедi?!
– Жарайды. Ал, ендеше, тыңда. Махаббатта өмiрдiң сырлы мәнi бар деп ұғынушы едiң. Сол махаббатыңның мәнi саналатын Нәзигүл күйеуге шыққан екен. Басқадан естiгеннен гөрi өзiм айтайын деп асықтым.

«Бар нәрсе ата-ана тәрбиесiне келiп тiреледi»

Ресей президентi Дмитрий Медьведевтiң өзi орыс халқының құрып бара жат¬қандығын тiлге тиек ете келе, «Елiмiзге үлкен қауiп төндi» дегендi басып айтты. Шынында да, орыс халқы 1 жылда 18 литр спирт iшедi екен бас-басына. Бұл расымен де халықты, бүтiн бiр ұлтты өлiмге алып келетiн жағдай ғой. Маскүнемдiкпен күрес тек Ресейде емес, бiздiң елдерде ғана емес, анау батыс елдерiнде де көптен берi жүрiп жатыр. Iшкiлiкке, нашақорлыққа бұлар да кет әрi емес.

«БҰЛ – ҚОҒАМҒА ҚАУIПТI ҚАТЕР»

Негiзiнен темекi шегудiң адам ағзасына тигiзетiн зардабы қыруар. Бiрiншiден – жүрек-қан тамырлары ауруын қоздырады. Қазiргi iндет – рак ауруларының туындауына себепшi. Атап айтқанда, өкпе, жұт¬қыншақ, ерiн рагiн өршiтедi. Темекi шегу¬шiлер арасында мұндай сырқат 15-20 есе көп.
Статистика мәлiметiне жүгiнсек, темекi шегу зардабына ұшырап, ем қабылдағандар 378 адам, оның 117-сi әйел. Қазақта: «Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде» деген жақсы мақал бар. Ауырмайтын жол – ол өзiңнiң жiгерiң, ешкiмге елiктемей, темекi шегудi доғарсаң ертең одан болатын барша дерттен сауығып кетуiң кәмiл.

«Маскүнемдiк пен нашақорлықты жеңетiн бiрден бiр күш – дiнге бет бұру»

Маскүнемдiк пен нашақорлықтың қоғамға келтiрер зияны орасан. Бұның зардабы туралы жиi айтылып, жазылып жатыр. Бұның тек психологиялық жағынан алып қарайтын болсақ, үш мәселе туындайды, бiрiншiден, бүкiл әлемде маскүнемдiк пен нашақорлықтың жастар арасында белең алып бара жатқаны байқалады.

БИШI ҚАЙЫҢ ПОЭЗИЯ

Кiрпiк қақпай өткiзген ТАҢДАРЫМ КӨП

ШАҒАЛА КӨҢIЛ, ШАРЫҚТА...
Заманың келдi жырлайтын,
Шағала көңiл шарықта.
Адамдар болса тыңдайтын,
Жағадан алған Нарықта.

ҚУАНТЫП, КҮНДЕ ҚҰШАҚ ЖАЯДЫ БАҚ...

ЖАҚЫН ДА АЛЫС
Ана – жүрек,
Көптен берi
Бүгiн сенiң өңiңе
Қан жүгiрдi қуаныштан,
Шырайландың,
Көрдiң бе?!,
Адам деген
Бақытты өзiн сезу үшiн
Көп нәрсе
Керек емес деушi едi,
Түсiнбеппiн мен мүлде.

ОЙМАҚТАЙ ОЙЛАР – ЖАН СЫРЫМ

Алла! Сенен артық байлық сұраман,
Болса екен тек Елiм, Жерiм дiн аман!
Оңалсын деп отқа түсiп құлаған,
Жұбансын деп ақтан күйiп, жылаған,
Жаратқаннан жақсы тiлек сұрағам.
Бас аманы – ұққан жанның бақыты,
Мансап, даңқ та, жасанды атақ сұраман.
Балаларым! Мен қалдырған байлық жоқ,
Бiр-бiрiңе қорған болып жүр аман!..